Отырыстар
«Жарқын жүзіңіз жадымызда. Профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов: дәрігер, ғалым, ұстаз».
Құрметті әріптестер!
Астана қаласының Балалар хирургтері қоғамы сіздерді көрнекті дәрігер, ғалым және ұстаз, профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешовтің туғанына 80 жыл толуына арналған кезекті отырысқа қатысуға шақырады.
Отырыс тақырыбы:
«Жарқын жүзіңіз жадымызда. Профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов: дәрігер, ғалым, ұстаз».
ОТЫРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Құттықтау және кіріспе сөз.
«Жарқын жүзіңіз жадымызда. Профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов: дәрігер, ғалым, ұстаз».
Баяндамашы: Нағыманов Болат Әбікенұлы.
2. «Жаңа туған нәрестелердегі өңеш атрезиясы: біздің тәжірибеміз».
Баяндамашы: Құрманалиев Мейіржан Бекетұлы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.
3. «Балалардағы иық сүйегінің айдаршықүсті сынықтарын емдеудің патогенетикалық негіздемесі».
Баяндамашы: Қасымжанов Асқар Нұрғұлжаұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, Торегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының доценті.
4. «Гиршпрунг ауруының тотальді түріндегі Гиршпрунг ауруымен байланысты энтероколиттің ауырлық дәрежесін стратификациялау: клиникалық маңызы және емдеу тактикасын таңдау».
Баяндамашы: Танат Зияда Хапбасқызы, «Астана медицина университеті» КЕАҚ балалар хирургиясы кафедрасының аға оқытушысы, жоғары санатты балалар хирургі, MHC, MEd, PhD докторанты.
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Күні: 2026 жылғы 13 қараша.
Уақыты: 16:00.
Өтетін орны: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32, 3-қабат, Үлкен конференц-зал.
Сіздерді отырысымызда көруге қуаныштымыз!
Құрметпен,
Астана қаласының Балалар хирургтері қоғамы.
Сіздерді Астана қаласының Балалар хирургтері қоғамының кезекті отырысына қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Астана қаласының Балалар хирургтері қоғамының кезекті отырысына қатысуға шақырамыз.
Күн тәртібі:
-
Балалардағы Меккель дивертикулын диагностикалау мен хирургиялық емдеудің ретроспективті талдауы: №2 қалалық балалар ауруханасының тәжірибесі.
Баяндамашы: Әубәкіров Әлихан Байтақұлы. -
Жайылған перитонит аясындағы қатар жүретін тромбоз.
Баяндамашы: Боркова Светлана Александровна. -
Nuss әдісі бойынша воронка тәрізді кеуде қуысының видеоассистенцияланған коррекциясы: операция кезеңдеріндегі балалар хирургі мен ортопедтің өзара іс-қимылының ерекшеліктері.
Баяндамашы: Сұрағанов Қайсар Құрмашұлы. -
«Стомадан күтім жүйесіне дейін: стомасы бар балаларды оқыту және сүйемелдеу бағдарламасын құру тәжірибесі».
Баяндамашы: UMC корпоративтік қоры, Мырзаханов Ерик Қанатович. -
«Хирургиялық тәжірибедегі инновациялық гемостатикалық және лимфостатикалық препараттар».
Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьютор — «NOVA CARE» ЖШС.
Басшысы: Сәрсенбаева Марияш.
Өтетін орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, 3-қабат, Үлкен конференц-зал.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 17:00.
Астана қаласы балалар хирургтары қоғамыны
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Астана қаласы балалар хирургтары қоғамының кезекті отырысына қатысуға шақырамыз.
Күн тәртібі:
- Балалардағы қуықтың құрылымдық-функционалдық өзгерістерін хирургиялық емдеудің дифференцияланған тәсілі.
Баяндамашы: Тельман Амирхан Қанапияұлы, «Урология және андрология» мамандығы бойынша 2-курс резиденті, UMC КФ. - Situs inversus жағдайындағы баладағы бауыр эхинококкозы. Клиникалық жағдай.
Баяндамашы: Молдабаев Мұқағали Әмірбекұлы, «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша 2-курс резиденті, МУА. - Ерте жастағы балалардағы өт жолдарының туа біткен ақауларын диагностика қиындықтары.
Баяндамашы: Асаинова Арайлым Серікбайқызы, балалар хирургі-трансплантолог, UMC КФ.
Өтетін орны:
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Астана қ., Тұран даңғылы, 32
(3-қабат, үлкен конференц-зал)
Өтетін күні мен уақыты:
2026 жылғы 24 сәуір, сағат 17:00
Байланыс үшін:
+7 777 623 1660 — Мырзаханов Ерік Қанатұлы
Құрметпен,
Астана қаласы балалар хирургтары қоғамының ұйымдастыру комитеті
Астана қаласының балалар хирургтары қоғамының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы отырысы
ПРОТОКОЛ 12.12.2025
Астана қаласының балалар хирургтары қоғамының отырысы
(профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлының құрметіне арналған)
Күні: 2025 жылғы 12 желтоқсан
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Астана қ., Тұран даңғылы, 32 (3-қабат, үлкен конференц-зал)
Төраға: Рустемов Д.З.
Хатшы: Мырзаханов Е.К.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Гиршпрунг ауруы бар балаларда ботулотоксин қолдану тәжірибеміз
Баяндамашы: Аубакиров Алихан Байтакұлы - Балалардағы капиллярлық мальформацияларды емдеуде тамырлы лазерлерді қолдану
Баяндамашы: Горобцова Анна - Кеуде қуысының шұңқыр тәрізді деформациясын консервативті емдеу
Баяндамашы: Казбеков Аблайхан Болатұлы - Балалардағы туа біткен кеуде деформацияларын хирургиялық емдеу тактикасы. Біздің тәжірибе
Баяндамашылар: Нағыманов Б.А., Төреханов А.Т., Жайпан У.Ж.
ОТЫРЫС БАРЫСЫ
1. Гиршпрунг ауруында ботулотоксин
Баяндама:
А типті ботулотоксинді қолдану тәжірибесі ұсынылды, негізінен:
- ультрақысқа сегмент
- операциядан кейінгі дисфункция (энтероколит, обструктивті синдром)
Механизмі:
- ацетилхолин бөлінуін тежеу
- ішкі анальды сфинктердің гипертонусын төмендету
Әдебиет деректері бойынша:
- тиімділігі 60–80% (уақытша әсер)
- әсер ұзақтығы: 3–6 ай
Талқылау (сұрақтар):
- Пациенттерді іріктеу критерийлері қандай?
- Аноректалды манометрия қолданыла ма?
- Қайта енгізу жиілігі қандай?
- Радикалды операция көрсеткіштерін «жасыру» қаупі бар ма?
- УДЗ бақылауымен немесе «соқыр» әдіспен енгізесіздер ме?
Пікірлер:
- радикалды ем емес
- bridge-терапия ретінде қолданылуы мүмкін
Шешім:
- функционалдық обструкция кезінде
- хирургияға уақытша балама ретінде қолдану ұсынылсын
2. Капиллярлық мальформациялардағы тамырлы лазерлер
Баяндама:
Pulsed dye laser (585–595 нм) — «алтын стандарт».
Әсері:
- селективті фототермолиз
- қоршаған тіндерге минималды зақым
Зерттеулер бойынша:
- ерте бастау — ең жақсы нәтиже
- 5–10+ сеанс қажет
Талқылау:
- Бастау жасы қандай?
- Анестезия қолданыла ма?
- Пигментация асқынулары?
- Резистентті түрлері бар ма?
- Nd:YAG-пен салыстыру?
Пікірлер:
- ерте бастау маңызды
- косметикалық нәтиже — өмір сапасының факторы
Шешім:
- ерте жолдау
- мамандандырылған орталықтарда кезеңдік ем
3. Pectus excavatum консервативті емі
Баяндама:
- vacuum bell
- тыныс жаттығулары
- ЛФК
Көрсеткіштері:
- жеңіл/орташа деформация
- кардиореспираторлық бұзылыс жоқ
Әдебиет:
- <10–12 жас тиімді
- 6–24 ай
Талқылау:
- Галлера индексі?
- Комплаенттілік?
- Объективті бағалау?
- Қашан операцияға көшу?
Пікірлер:
- жоғары мотивация қажет
- ауыр формада хирургияны алмастырмайды
Шешім:
- ерте кезеңде қолдану
- пациенттерді іріктеу
4. Кеуде деформациясының хирургиялық емі
Баяндама:
- Nuss
- Ravitch
Көрсеткіштері:
- Галлера индексі > 3.25
- функционалдық бұзылыс
- косметикалық ақау
Талқылау:
- әдіс таңдау
- асқынулар
- аналгезия
- металды алу мерзімі
- ERAS тәжірибесі
Пікірлер:
- Nuss — негізгі әдіс
- мультидисциплинарлық тәсіл маңызды
Шешім:
- көрсеткіштерді стандарттау
- минималды инвазивті әдістерді енгізу
ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ:
- Минималды инвазивтілік
- Функционалдық ем
Маңызды:
- ерте диагностика
- кезеңдік ем
- мультидисциплинарлық тәсіл
Қажет:
- клиникалық протоколдар
- стандарттау
- мамандандырылған орталықтар
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
- Баяндамалар назарға алынсын
- Заманауи әдістер енгізілсін
- Ерте диагностика күшейтілсін
- Қоғам отырыстары жалғассын
Төраға: Рустемов Д.З.
Хатшы: Мырзаханов Е.К.
2025 жылғы 18 сәуірдегі Астана қаласы Балалар хирургтары қоғамының отырысы
Күн тәртібі:
- Туа біткен диафрагмалық жарық: UMC КҚ жағдайындағы клиникалық тәжірибе және емдеу тәсілдері.
Баяндамашы: Мырзаханов Е.К. - Операцияға дейін туа біткен диафрагмалық жарығы бар жаңа туған нәрестеде перитонеалдық диализ жүргізу тәжірибесі.
Баяндамашы: Кучербаева Ж.А. - Туа біткен диафрагмалық жарық кезінде фетоскопиялық эндотрахеалдық баллондық окклюзия.
Баяндамашы: Билал Р.А. - Астана қаласының біріккен балалар хирургтары қоғамын тіркеу мәселесі.