Миссия, мақсаттар, көзқарас
Қоғамның негізгі мақсаттары:
- балалар хирургтарының кәсіби өсуіне қолдау көрсету;
- балалар хирургиясын дамыту және насихаттау;
- өз мүшелерінің кәсіби, құқықтық, әлеуметтік мүдделерін қорғау;
- балалар хирургиясы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу болып табылады.
Қоғамның қызметінің бағыттары:
- балалар хирургиясы саласындағы мамандарды тәжірибе алмасу үшін біріктіру;
- конференциялар, симпозиумдар, мастер-кластар ұйымдастыру;
- мамандарды даярлау және біліктілігін арттыруға қатысу;
- халықаралық кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі.